Бүгiн 2026, 04:27 Фото: depositphotos.com

Трамп Иранның инфрақұрылымына соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс сақталып тұрған кезеңде айтылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге келуге мүдделі екенін мәлімдей отырып, қажет болған жағдайда елдің инфрақұрылымына соққы жасалуы мүмкін екенін айтты.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп Иран төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Біз мәмілеге қол жеткіземіз немесе жұмысты аяқтаймыз. Жұмысты аяқтау қиын болмайды», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар ол дипломатиялық жолмен келісімге келуді қалайтынын жеткізді.

«Мен мәміле жасасқым келеді, өйткені 91 миллион адамға зардап келтіргім келмейді», – деді Трамп.

Соған қарамастан, АҚШ басшысы қажет болған жағдайда Иранның маңызды инфрақұрылымдық нысандарына, соның ішінде көпірлер мен энергетикалық объектілеріне қысқа мерзімде соққы жасауға қабілетті екенін мәлімдеді.

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс сақталып тұрған кезеңде айтылды.