Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифтер енгізу туралы жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан тікелей немесе жанама түрде тауар немесе қызметтер сатып алатын елдердің тауарларына қосымша тарифтер енгізуге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ TASS агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Жарлыққа сәйкес, тарифтер импортталатын тауарлар құнының 25%-ына жетуі мүмкін. Бұл шаралар бүгін, 7 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Жарлық сонымен қатар Иранға қарсы экономикалық санкцияларды ақтау үшін бұрын енгізілген төтенше жағдайды ұзартады. Жарлықта Иранның қызметі Америка Құрама Штаттарына "ерекше және төтенше қауіп төндіруді жалғастырып жатқаны" атап өтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: depositphotos.com
Өзгелердің жаңалығы