Бүгiн 2026, 01:29 Фото: Annabelle Gordon / Reuters

Трамп Иранмен атысты тоқтату режимін ұзартатынын мәлімдеді

Оның айтуынша, атысты тоқтату режимі келіссөздер мен ұсыныстар қарастырылғанға дейін ұзартылатын болады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату режимі Пәкістан тарапынан түскен өтінішке байланысты ұзартылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Иранға қатысты теңіз блокадасы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Трамптың әлеуметтік желідегі мәлімдемесіне сәйкес, бұл шешім Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен фельдмаршал Асим Мунирдің өтінішінен кейін қабылданған.

«Иран үкіметі ішкі тұрғыда бөлінгенін ескере отырып, біз олардың басшылары мен өкілдері нақты ұсыныс жасағанға дейін Иранға қарсы әрекеттерді тоқтаттық. Сонымен бірге әскерилерге блокаданы жалғастыруды және толық жауынгерлік дайындықты сақтауды бұйырдым», – деді Трамп.

Оның айтуынша, атысты тоқтату режимі келіссөздер мен ұсыныстар қарастырылғанға дейін ұзартылатын болады.