Кеше 2026, 11:19 Фото: gazeta.ru

Трамп Иранға соққы жасаудан бас тартты

АҚШ президенті Парсы шығанағы елдерінің өтінішін жария етті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағындағы елдердің өтінішінен кейін Иранға соққы жасаудан бас тартқанын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп 19 мамырға жоспарланған АҚШ-тың Иранға қарсы соққылары Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің өтініші бойынша тоқтатылғанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Біз ертеңге жоспарланған Иранға шабуылды жүргізбейміз. Бірақ егер қолайлы келісімге қол жеткізілмесе, кез келген сәтте Иранға қарсы ауқымды шабуыл жасауға дайын болу жөнінде тапсырма бердік, – деп жазды ол.

Дональд Трамптың сөзінше, жуырда Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтін келісім жасалуы мүмкін.

Айта кетейік, Тегеран АҚШ-тың Парсы шығанағының оңтүстігіндегі әскери базаларын жоюмен қорқытты.

Тағы оқи отырыңыз: "Біз берілмейміз!" – Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады