9 Қазан 2026, 00:30 Фото: REUTERS / Nathan Howard

Трамп Иранға шабуыл жасауға қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Оның сөзінше, АҚШ-тың Иран порттарына қатысты блокадасы әлі де күшінде, ал Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы жалғасып жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Иранмен «нәтижелі келіссөздер» жүргізіп жатқанын мәлімдеп, 3 қарашада өтетін Конгресстің аралық сайлауына дейін Иранға шабуыл жасалмайтынын айтты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Трамп бұл туралы Truth Social желісіндегі жазбасында хабарлады. Оның сөзінше, АҚШ-тың Иран порттарына қатысты блокадасы әлі де күшінде, ал Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы жалғасып жатыр.

«Біз 3 қарашада өтетін аралық сайлауға дейін Иранға шабуыл жасамаймыз», – деп жазды АҚШ президенті.

АҚШ пен Израиль ақпанда Иранға соққы берген болатын. Reuters мәліметінше, қақтығыстың ай сайынғы шығыны шамамен 3 млрд долларды құрайды және соғыс АҚШ-тағы сайлау науқанының негізгі тақырыптарының біріне айналған. Энергия бағасының өсуі мен Ирандағы қақтығыс республикашыл кандидаттарға қысым жасап отыр.

Соңғы апталарда Вашингтон мен Тегеран соғысты тоқтату және әлемдік энергия тасымалы үшін маңызды Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру жөнінде бірқатар ұсыныс алмасты. Алайда Трамп Иранның соңғы ұсынысын қабылдамады.