11 Шілде 2026, 00:34 Фото: x.com/whitehouse

Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасады

НАТО саммиті қарсаңында Трамп Иранмен атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін мәлімдеп, Иран басшылығын келіссөздер барысында адал әрекет етпеді деп сынға алды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты жаңа мәлімдеме жариялады.

10 шілде, жұма күні ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

Иран Ислам Республикасы бізден келіссөздерді жалғастыруды сұрады. Біз бұған келістік. Алайда Америка Құрама Штаттары оларға атысты тоқтату режимінің аяқталғанын нақты жеткізді, – деп жазды Ақ үй басшысы.

Сәрсенбіге қараған түні АҚШ әскери күштері Иранға қарсы жаңа әуе шабуылдарын бастады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) соққы беру туралы бұйрықты президент Дональд Трамптың өзі бергенін мәлімдеді.

Ирандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Парсы шығанағындағы Абу-Муса аралында, сондай-ақ Ираншахр, Чабахар, Конарак, Сирик, Джаск, Бендер-Аббас және Аккала қалаларында жарылыстар болған. Mehr агенттігінің мәліметінше, Аккала қаласында әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері әуедегі нысандарға қарсы оқ атқан.

Axios порталының журналисі Барак Равидтің айтуынша, бұл жолы АҚШ Иранға жасалған соққылардың ауқымын кеңейтіп, Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) жағалаудағы радиолокациялық станцияларын, кемеге қарсы зымыран кешендерін және әуе қорғанысы жүйелерін нысанаға алған.

НАТО саммиті қарсаңында Трамп Иранмен атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін мәлімдеп, Иран басшылығын келіссөздер барысында адал әрекет етпеді деп сынға алды.

Бұған дейін АҚШ Қарулы күштері Иранның әскери нысандарына тағы бір сериялы соққы жасаған болатын. АҚШ әскери қолбасшылығының мәліметінше, CENTCOM ел аумағындағы шамамен 90 әскери нысанға шабуыл жасаған. Олардың қатарында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, жағалаудағы бақылау құралдары, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының қоймалары, әскери-теңіз күштерінің нысандары және жағалау бойындағы әскери логистика объектілері бар.

АҚШ әскери өкілдерінің айтуынша, операцияның мақсаты – Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер мен азаматтық теңізшілерге шабуыл жасау мүмкіндігін одан әрі шектеу.