Бүгiн 2026, 00:30 Фото: Rebecca Noble / Getty Images

Трамп Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады

Трамптың мәлімдеуінше, Иран кемелерге кемінде төрт дрон ұшырған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан жүк кемесіне жасалған шабуылдан кейін атысты тоқтату туралы келісімді бұзды деп айыптады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Трамптың мәлімдеуінше, Иран кемелерге кемінде төрт дрон ұшырған. Оның үшеуі атып түсірілгенімен, бір дроны ірі жүк кемесіне тиіп, зақым келтірген. Соған қарамастан кеме бағытын жалғастырып, экипаж мүшелері зардап шекпеген.

Оқиғадан кейін БҰҰ-ның Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді эвакуациялау бағдарламасын уақытша тоқтатты. Ұйым басшылығы АҚШ, Иран және Оман тарапымен кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді.

Шабуыл алдында Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Ормуз бұғазы арқылы халықаралық бағытпен өтетін кемелер Иранмен алдын ала келісуі тиіс екенін ескерткен болатын. Иран мемлекеттік БАҚ-ы бұғаздың Иран аумағына тиесілі екені туралы мәлімдемелерді жариялады.

Ормуз бұғазы АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату келісімінен кейін қайта ашылған еді. Бұл бұғаз әлемдегі мұнай мен газ тасымалының негізгі бағыттарының бірі саналады. Бұған дейін оның жабылуы әлемдік мұнай бағасының өсуіне және халықаралық жеткізу тізбегіне кері әсер еткен болатын.