Бүгiн 2026, 05:18 Фото: AP Photo/ Alex Brandon

Трамп "Хезболланы" атысты тоқтату келісімін сақтауға шақырды

Бұған дейін Израиль мен Ливан арасында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енген болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ливанның оңтүстігінде әрекет ететін «Хезболла» тобын Израильмен жасалған атысты тоқтату келісімін сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Ол Truth Social желісінде жариялаған жазбасында: «Мен Хезболла осы маңызды кезеңде өзін лайықты ұстайды деп үміттенемін. Егер олар келісімді сақтаса, бұл олар үшін үлкен мүмкіндік болады. Енді адам өлімі болмайды, ақыры бейбітшілік орнайды», – деді.

Бұған дейін Израиль мен Ливан арасында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енген болатын. Израиль тарапы бұл кезеңде тек «Хезболла» тарапынан тікелей қауіп төнген жағдайда ғана әскери жауап беретінін мәлімдеді.

Ал Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін Иран қолдайтын топтарды қарусыздандыру қажет екенін атап өтті.