Трамп: Харрис 2024 жылғы сайлау туралы сөздері үшін кешірім сұрауы керек

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы вице-президент Камала Харристі 2024 жылғы сайлау нәтижелері жөнінде айтқан сөздері үшін кешірім сұрауды талап етті. Ол бұл туралы Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамптың айтуынша, Харрис «сайлауда неге жеңілгенін түсіндіру үшін 2024 жылды ХХІ ғасырдағы ең тартысты президенттік сайлау» деп атаған.

Бұл – жалған. Мен үлкен басымдықпен жеңдім. Харрис бұған байланысты кешірім сұрауы тиіс, – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Трамп Джордж Буштың 2000 жылғы сайлауда небәрі 537 дауыспен жеңгенін еске алып, өзінің айырмашылығы «миллиондаған дауысқа жеткенін» атап өтті.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін The New York Times басылымына қарсы сот ісін қозғаған болатын. Ол газетті Харристі қолдап, өзінің саяси қозғалысына қатысты «жалған ақпарат таратты» деп айыптады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Chip Somodevilla / Getty Images
Өзгелердің жаңалығы