Трамп Газа жоспарының екінші кезеңін жариялауды жоспарлап отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторына арналған жоспарының екінші кезеңін 25 желтоқсанға дейін таныстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Трамптың бастамасы Газа секторындағы бейбітшілік процесін келесі фазаға өткізіп, анклавты басқарудың жаңа құрылымын енгізуді көздейді.
Бұған дейін, 17 қарашада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дауыс беру барысында АҚШ ұсынған, Газа аумағында бейбітшілік орнатуды қолдайтын қарар жобасын қабылдаған болатын. Дональд Трамп бұл шешімді тарихи қадам деп атап, әлем елдерін құттықтаған еді. Оның айтуынша, бұл жоба БҰҰ тарихына енетін маңызды бастама болмақ.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху да американдық бастаманы қолдап, оны аймақтағы тұрақтылыққа бағытталған қадам ретінде бағалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?
Өзгелердің жаңалығы