25 Сәуір 2025 2025, 04:37 Фото: pexels

Трамп Гарвардты "демократияға төнген қауіп" деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Гарвард университетін "демократияға төнген қауіп" деп атап, оқу орнын "либералды тәртіпсіздіктің орталығы" деп айыптады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Гарвард университетін "демократияға төнген қауіп" деп атап, оқу орнын "либералды тәртіпсіздіктің орталығы" деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.

Трамптың пікірінше, университет антисемиттік көзқарастарға жол беріп, "елімізді іштен бөлшектегісі келетін" шетелдік студенттерді қабылдайды. Ол Гарвардта "жалған ашу-ыза мен жеккөрушілікке толы" орта қалыптасқанын айтты.

Бұл мәлімдеме Гарвард әкімшілігі Трамп әкімшілігі қойған талаптарды орындаудан бас тартқаннан кейін жасалды. The Wall Street Journal-дың жазуынша, Трамп әкімшілігі университеттің саясатына қарсы наразылық ретінде 1 миллиард доллар көлеміндегі қаржылық көмекті тоқтатпақ болған.

Сонымен қатар, 14 сәуірде АҚШ Білім министрлігі антисемитизмге қарсы іс-қимыл департаментінің шешімімен университетке бөлінген 2,2 миллиард доллар грант уақытша тоқтатылғанын хабарлады.