21 Қазан 2026, 00:30 Фото: Finn Gomez / Getty Images

Трамп: Еуропа өзгеруі керек, әйтпесе одан ештеңе қалмайды

АҚШ президенті Еуропа елдері, ең алдымен, иммиграциялық бақылауды күшейтуі қажет деп санайды.

Еуропа елдері өзгеріп, ең алдымен иммиграциялық бақылауды күшейтуі керек. Әйтпесе, құрлықтың қазіргі келбеті сақталмайды. Мұндай пікірді АҚШ президенті Дональд Трамп білдірді.

Ақ үйде журналистерге сұхбат берген Трамп Еуропаның болашағына қатысты алаңдаушылық білдіріп, өзгерістердің қажеттігін атап өтті.

«Еуропа өзгеруі керек. Әйтпесе, Еуропадан ештеңе қалмайды», – деді АҚШ президенті.

Оның айтуынша, бұл мәселе ең алдымен иммиграцияға байланысты.

«Менің айтайын дегенім – бұл, ең алдымен, иммиграция мәселесі», – деп түсіндірді Трамп.