Трамп: Дания Гренландиядан кетіңдер

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО атынан Данияны Гренландиядан «дереу кетуге» шақырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

НАТО: Данияға айтыңдар, олар бұл жерден дереу кетсін! Екі ит жеккен шанамен мәселе шешілмейді! Мұны тек АҚШ қана істей алады!!! – деп жазды Трамп.

Сонымен қатар ол Дания барлау қызметі өткен жылы-ақ Ресей мен Қытайдың Гренландия мен Арктикаға қатысты әскери мүдделері бар екенін ескерткенін атап өтті.

Бұған дейін Дональд Трамп Гренландия АҚШ үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтып, аралды америкалық «Алтын күмбез» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің базасы ретінде қажет деп мәлімдеген.

Ал батыстық БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, АҚШ президентінің айналасындағы кейбір тұлғалар Гренландияны сатып алудың ықтимал құнын шамамен 700 млрд доллар деп бағалап отыр.

Сондай-ақ Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен АҚШ-тың аралды қосу жоспарына қатысты пікір білдіріп, халықтың Даниямен бірге қалғысы келетінін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы