Трамп Дүниежүзілік банкті Қытайға несие бермеуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық көшбасшының сөзінше, Пекиннің онсыз да ақшасы көп, сондықтан оған қайта-қайта несие берудің еш қажеті жоқ.
АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік банк Қытайға несие бере беруді тоқтатуы қажет деп санайды. Бұл туралы ол 6 желтоқсан күні өзінің Twitter әлеуметтік желісінде жазды.Неліктен Дүниежүзілік банк Қытайға қарыз береді? Оларда ақша онсыз да көп, ал егер ақша жетпей жатса, онда олар оны жасайды. Мұны тоқтату қажет! - деп жазады Трамп.
Бұған дейін АҚШ басшысы Пекинмен сауда келісіміне қол қойылмаса, қытайлық импорттың тарифтерін арттыратынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жылыой ауданында екі әлеуметтік инфрақұрылым нысаны ашылды
Өзгелердің жаңалығы