Трамп Будапештте Путинмен кездесудің неге кейінге қалғанын түсіндірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Будапештте жоспарланған саммиттің өткізілуіне басты кедергі болып отырған мәселені атады. Оның айтуынша, Ресей Украинадағы әскери әрекеттерін тоқтатуға әзір емес, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Негізгі мәселе – олар [Ресей] әзірге тоқтағысы келмейді. Бірақ менің ойымша, олар тоқтайды, – деді Трамп Ақ үйде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесуде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін Трамп пен Путин Венгрия астанасында жоғары деңгейдегі кездесу өткізу мүмкіндігін талқылаған болатын. 16 қазандағы телефон әңгімесінен кейін екі тарап Будапештте саммит өткізуге алдын ала келісімге келгені хабарланған еді.

Алайда кейінірек кездесу украин қақтығысына қатысты ұстанымдардың келіспеушілігіне байланысты кейінге қалдырылды. Мәскеу мен Вашингтон бұл кездесуді тек «қолайлы саяси жағдай қалыптасқан соң» өткізуге дайын екендерін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы