Трамп бірқатар азық-түлік тауарларына баж салығын жою туралы жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп 14 қарашада бірқатар азық-түлік өнімдерінің импортына салынатын баж салығын алып тастау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Құжат Ақ үй сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарлыққа сәйкес, АҚШ-та жеткілікті көлемде өндірілмейтін бірнеше ауылшаруашылық өнімдері өзара баж салығынан босатылды. Олардың қатарына кофе мен шай, тропикалық жемістер мен шырындар, какао, дәмдеуіштер, банан, апельсин, қызанақ, сиыр еті және бірқатар тыңайтқыш түрлері кіреді.

Бұған дейін Американың сауда саясатына қатысты алауыздықтар күшейіп жатқан еді. 14 қазанда Швейцария АҚШ-пен экспортқа салынатын бажды 39%-дан 15%-ға дейін төмендету туралы келісімге келгенін хабарлаған.

Сонымен қатар, 10 қарашада Трамп Жоғарғы сот оның әкімшілігі енгізген тарифтерді заңсыз деп тапқан жағдайда, АҚШ-тың сауда серіктестеріне 2 трлн доллардан астам қаржыны қайтаруына тура келуі мүмкін екенін ескерткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anna Moneymaker / Getty Images
Өзгелердің жаңалығы