Трамп "Бейбітшілік сәулетшісі" сыйлығын алды
АҚШ президенті Дональд Трамп 1995 жылы бұрынғы президент Ричард Никсонның қоры бекіткен "Бейбітшілік сәулетшісі" сыйлығын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі жазды.
Ричард Никсонға ұқсайтын мүсіншені Трампқа қордың директорлар кеңесінің төрағасы Роберт О'Брайен Никсондар отбасы мүшелерінің қатысуымен сыйға тартты.
Трампқа бұл марапат "атысты тоқтату және бейбіт келісімдерге қол жеткізгені үшін" берілді. Баспасөз хабарламасында Газа секторындағы бітімгершілік келісімі, сондай-ақ Армения мен Әзербайжан, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстарды реттеу бойынша келіссөздер жүргізілгені жазылған.
Америка президенті Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына да басты үміткер болды, бірақ комитет басқа жеңімпазды таңдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп пен Путиннің кездесуі кейінге шегерілді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы