Трамп: АҚШ Украинамен жасалған келісімнен 350 млрд доллар пайда табады
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен жасалған минералды ресурстарға қатысты келісім Америка Құрама Штаттарына осы уақытқа дейінгі 350 миллиард долларлық көмек шығындарын өтеп қана қоймай, одан да көп табыс әкелетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол бейсенбі күні таңертең NewsNation телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен жасалған минералды ресурстарға қатысты келісім Америка Құрама Штаттарына осы уақытқа дейінгі 350 миллиард долларлық көмек шығындарын өтеп қана қоймай, одан да көп табыс әкелетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол бейсенбі күні таңертең NewsNation телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тікелей эфир кезінде жүргізушінің «АҚШ-тың Украинада болуы Ресей президенті Владимир Путинді тежеуге көмектесер ме еді?» деген сұрағына жауап бере отырып, Трамп келісімге қол қою себебін түсіндірді.
350 миллиард доллар жұмсадық. Ал Еуропа небәрі 100 миллиард бөлді, оның өзін қарыз ретінде берді. Ал Байден 350 миллиардты – қолма-қол ақшамен, әскери техникамен тегін берді. Біз ештеңе алмадық. Мен өзімді ақымақтай сезіндім. Еуропа ақшасын қайтарып алады, ал біз – жоқ. Сондықтан мен украиналықтарға барып: "Бізге сирек кездесетін жер металдары қажет", дедім. Олар бұл ресурстарға бай. Бұлар басқа жерлерде сирек кездесетін аса құнды материалдар. Бұл – үлкен актив. Біз бүгін келісімге келдік, және бұл келісім арқылы біз 350 миллиард доллардан да көп пайда табамыз, – деді Трамп.
Аталған келісім нақты қандай ресурстарды қамтитыны және оның мерзімі жайлы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
- «Ала сөмкеге кіріп, киімін ауыстырған»: Павлодарда жол үстінде видео түсірген бойжеткен жауапқа тартылды 12:17
- ҰҚШҰ аясында Қазақстанда Қырғызстан мен Тәжікстанның курсанттары білім алып жатыр 12:03
- Мүлік салығын төмендетіп көрсеткендерден 250 млн теңге өндірілді 11:42
- "Басы тоңазытқыштан табылды": Хромтауда ер адамның жоғалуына қатысты сұмдық қылмыстың беті ашылды 11:21
- Фермерлер енді ӘКК арқылы да мемлекеттік кепілдікпен несие ала алады 11:02
- 25 тамыздан бастап жаңа талаптар күшіне енеді: ІІМ жүргізушілерге маңызды өзгерістерді түсіндірді 10:44
- Жыл соңына дейін жолаушылар пойыздары интернетпен қамтылады 10:35