Трамп: АҚШ Украинадағы дағдарысты қаржыландыруды тоқтатады

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда өткен кабинет отырысында елдің Украинадағы соғысқа қаржылық түрде қатысуын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, бұрынғы президент Джо Байден Киевке «кәмпит сияқты» 350 млрд доллар бөлген.

Бұл – өте көп қаражат. Оның көп бөлігі қолма-қол және жабдық түрінде берілді. Мен ештеңе бермеймін, – деді ол.

Президенттің сөзінше, АҚШ енді тек НАТО елдеріне жабдық сатады, ал Еуропа мемлекеттері оны өздері Украинаға жеткізуі немесе қалағанынша пайдалануы мүмкін.

Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты шешуге күш салып жатқанын да атап өтті.

Бұған дейін сегіз соғысты тоқтаттым, бұл – тоғызыншысы. Қазір біздің адамдарымыз Ресейде осы мәселені шешуге тырысып жатыр, – деп қосты Трамп.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Kevin Lamarque/Reuters
Өзгелердің жаңалығы