Трамп АҚШ-тың авиациялық қауіпсіздігін қайта қарау туралы жарлыққа қол қойды
Вашингтондағы ұшақ апатынан кейін Дональд Трамп елдің әуе қауіпсіздігі саласын дереу қайта қарау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтық авиация басқармасы ұшулар мен персоналға бағалау жүргізеді. Осы ретте аталған басқарма бастығының орынбасары тағайындалды. Ақ үйдің баспасөз хабарламасында қызметкерлерді жалдаудағы құзыреттілікке ерекше назар аударылатыны айтылған. Трамп апатқа бұрынғы әкімшіліктің жұмсақ саясаты ықпал еткен болуы мүмкін екенін айтты.
Қол қойылған бұйрықтар АҚШ президентінің төтенше жағдайға алғашқы ресми жауабы болды. Осы уақытта іздеу топтары суға құлаған Bombardier ұшағының екі рейсті тіркегішін тапты. Екі қара жәшік те сараптамаға зертханаға жіберілді. Ведомствоаралық топ бір ай ішінде әуе апатына қатысты тергеудің алдын ала есебін ұсынады деп күтуде.
Менің айтып отырғаным тек құзыреттілік. Бізде осы салада ең қабілетті адамдар болғанын қалаймын, өйткені біз адамдардың өмірі туралы айтып отырмыз. Ұшақ жоспарланған бағыт бойынша ұшып бара жатқан, ал тікұшақ сол биіктікте болды. Егер тікұшақ биікте болса немесе ұшақ жақындағанға дейін ауада тоқтаса, соқтығыс болмас еді. Кім кінәлі екенін білмеймін - ұшқыштар ма, әлде әуе диспетчерлері, бірақ бұл қайғылы оқиға, - деді Дональд Трамп.
Айта кетейік, кеше Вашингтонда ұшақ пен тікұшақ соқтығысқан.
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдаған.