Трамп: АҚШ пен Қытай арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бар
АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасында «әдемі қарым-қатынас» орнатуға сенім білдірді. Бұл туралы ол Ақ үйде Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.
Қытай екеуміз жақсы қарым-қатынаста боламыз, – деді Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ Қытаймен ең алдымен сауда саласындағы мәселелерді талқылауға және оларды сәтті шешуге мүмкіндік беретін мықты позицияға ие.
Бұған дейін, 12 тамызда Трамп Қытайдан келетін тауарларға баж салығын 90 күнге тоқтата тұратын жарлыққа қол қойған болатын. Сонымен қатар, АҚШ-тың бұрынғы келісімдері өзгеріссіз қалады деп мәлімдеді.
Ал Bloomberg дерегінше, Қытай тарапы АҚШ-пен сауда соғысына алдын ала дайындалып, Трампқа жауап ретінде қарсы баждарды енгізуді қарастырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жылына қанша рет ақысыз демалысқа шығуға болады?
Өзгелердің жаңалығы