Бүгiн 2026, 07:14 Фото: Kevin Dietsch/Getty Images

Трамп: АҚШ пен Иран алдағы екі аптада келісімге келуі мүмкін

Бұған дейін Трамп бірнеше рет АҚШ пен Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі келісімге жақындағанын мәлімдеген болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран жақын арада келісімге қол жеткізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар арасындағы келіссөздер жалғасып жатыр және мәміле жасауға мүмкіндік жоғары. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Олар өте жақсы келісім жасағысы келеді және бізге қажет нәрсенің бәрін беруге дайын. Олар ядролық қарудан бас тартуға дайын, – деді Трамп.

Америкалық көшбасшының пікірінше, алдағы екі апта келіссөздер үшін шешуші кезең болмақ.

Менің ойымша, біз жеңіске жетеміз. Бірақ бұл алдағы екі аптада болуы керек. Бұл толық жеңіс болады және оның нәтижесінде мұнай бағасы бірден төмендейді, – деді ол.

Бұған дейін Трамп бірнеше рет АҚШ пен Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі келісімге жақындағанын мәлімдеген болатын.