Бүгiн 2026, 07:20 Фото: The White House

Трамп: АҚШ Иранмен соғысты аяқтау жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді

Трамптың айтуынша, келіссөздердің негізгі шарттары барлық мүдделі тараптармен келісілген. Оның сөзінше, құжаттарға жақын күндері, мүмкін демалыс күндері Еуропада қол қойылуы мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жоспарланған әуе соққыларын тоқтатқанын және Тегеранмен келісімге қол қою жақын қалғанын мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, келіссөздердің негізгі шарттары барлық мүдделі тараптармен келісілген. Оның сөзінше, құжаттарға жақын күндері, мүмкін демалыс күндері Еуропада қол қойылуы мүмкін.

Ақ үй басшысы келісім жасалғаннан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта ашатынын айтты. Сонымен қатар Тегеран ешқандай жағдайда ядролық қару жасамау және оны иеленбеу жөнінде міндеттеме қабылдайды деп күтілуде.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі болашақ келісім аясында Иран уран байытудан бас тартып, оған қажетті инфрақұрылымды жоятын, зымыран өндірісін қысқартатын және Таяу Шығыстағы өзіне жақын топтарды қолдауды тоқтататынын мәлімдеді.

Бұған дейін Трамп Иранды келіссөздерді созып жатыр деп айыптап, әскери соққылармен қорқытқан болатын. Ал Тегеран жауап ретінде Ормуз бұғазын жауып, зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды қолдана отырып әскери операцияның алғашқы кезеңін бастағанын хабарлаған еді.