Бүгiн 2026, 00:28
Фото: AP Photo / ISNA/Alireza Sotakbar
Трамп: АҚШ Иранда 7 мыңнан астам нысанаға соққы жасады
Трамп сондай-ақ АҚШ пен Израиль бірнеше жыл бұрын жасалуы тиіс әрекеттерді қазір жүзеге асырып жатқанын айтты.
Дональд Трамп АҚШ Иран аумағында 7 мыңнан астам нысанаға соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, әскери операция барысында 100-ден астам кеме суға батырылған, ал Иранның әуе және теңіз күштері айтарлықтай шығынға ұшыраған.
Трамп сондай-ақ АҚШ пен Израиль бірнеше жыл бұрын жасалуы тиіс әрекеттерді қазір жүзеге асырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, соңғы соққылар барысында Ирандағы дрондар мен зымырандар шығарылатын үш зауытқа шабуыл жасалған.
Сонымен қатар, президент өткен аптада Харг аралында жасалған бомбалау туралы айтып, мұнай тасымалдайтын құбырлардан басқа нысандардың жойылғанын мәлімдеді. Алайда қажет болған жағдайда мұнай инфрақұрылымына да соққы берілуі мүмкін екенін атап өтті.