22 Қараша 2026, 18:17 Фото: АР/Evan Vucci

Трамп АҚШ банкрот болуы мүмкін екенін ескертті

Мемлекеттік қарыз 40 триллион доллардан асқан.

Трамп АҚШ-қа мемлекеттік қарыз шегін реттемесе, банкроттық қаупі төнетінін ескертті. Сондай-ақ АҚШ президенті мемлекеттік қарыздың қолданыстағы шектеуін алып тастауға шақырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 

Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ билігі мемлекеттік қарыздың шекті мөлшеріне қатысты мәселені шешпесе, ел банкроттыққа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бізде мемлекеттік қарыз шегіне қатысты мәселені шешетін уақыт жақындап келеді. Егер бұл мәселені реттемесек, ел банкрот болады. Бұған дейін мұндай жағдай ешқашан болған емес, – деді АҚШ президенті.

Трамптың пікірінше, АҚШ-та мемлекеттік қарыз көлеміне қатысты ешқандай шектеу болмауы керек.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, 26 қазанда елдің мемлекеттік қарызы рекордтық 40,52 триллион долларға жеткен.