Трамп: АҚШ әскері есірткі тасымалдаған алып суасты қайықты жойды

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желі Truth Social-да есірткі тасымалдаған «үлкен суасты қайығы жойылғанын» мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен үшін АҚШ бағытына қарай танымал есірткі транзиттік бағыты бойымен жүзіп келе жатқан, есірткі тиеген алып суасты қайықты жою – үлкен құрмет болды, – деп жазды Ақ үй басшысы.

Айтуынша, АҚШ барлау қызметі қайықтың негізінен фентанил мен басқа да есірткі заттарына толы болғанын растаған. Трамптың сөзінше, бұл қайықта соншалықты көп мөлшерде есірткі болған, егер олар АҚШ аумағына жеткен жағдайда ондаған мың адамның өмірін қияр еді. Президенттің есебінше, кем дегенде 25 мың америкалық қаза табуы мүмкін еді.

Қайықта болғандардың екеуі тірі қалған. Олар өз елдеріне: Эквадор мен Колумбияға экстрадицияланып, қамауға алынып, жауапқа тартылады.

АҚШ әскерінің ешбір сарбазы зардап шекпегенін айтқан Трамп:

Америка Құрама Штаттары есірткі террористеріне төзбейді, - деп мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық армия Венесуэла маңында тағы бір қайыққа соққы берген еді. Барлау дерегіне сүйенсек, ол да наркокартельдермен байланысты болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Reuters / CARLOS BARRIA
Өзгелердің жаңалығы