Трамп Ақ үйде Сирия президентімен келіссөз жүргізді

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия президенті Ахмад аш-Шарамен Ақ үйде келіссөз жүргізді. Бұл аш-Шара үшін 1946 жылдан бері алғашқы ресми АҚШ сапары болып отыр. Кездесу Ақ үйде жабық режимде өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты реттеу, өңірлік қауіпсіздік және дипломатиялық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. АҚШ пен Сирия көшбасшыларының кездесуінің басты мақсаты – екі ел арасындағы тарихи сын-қатерлерді шешу жолдарын іздестіру болып отыр.

Сирия президентінің сапары алдында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі, сондай-ақ Ұлыбритания мен АҚШ Аш-Шараға қатысты санкцияларды алып тастады. Бұл шешім дипломатиялық диалогты жеңілдетуге бағытталған және екі елдің ресми өкілдері арасында келіссөз жүргізуді ықпал ететіні күтілуде.

Бұған дейін аш-Шараның АҚШ сапары туралы Axios порталы хабарлаған еді. Порталдың мәліметінше, Сирия президенті Трамппен кездесу үшін уақытша сапармен Вашингтонға келген. Бұл сапар екі ел арасындағы бұрынғы шиеленісті жағдайларды шешу үшін маңызды қадам ретінде қарастырылып отыр.

Бұл кездесу АҚШ пен Сирия арасындағы ұзақ мерзімді дипломатиялық диалогты бастауға бағытталған. Кездесудің мақсаты – аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар екі ел арасындағы сауда және гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру, - делінген Ақ үйден берілген ресми мәлімдемеде.

Сарапшылардың пікірінше, аш-Шараның АҚШ сапары Сирия мен АҚШ арасындағы бұрынғы 40 жылдық қарым-қатынасты қайта қарау кезеңін білдіреді және аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне оң ықпал етуі мүмкін.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Saudi Press Agency/Handout via REUTERS
Өзгелердің жаңалығы