Трамп америкалықтардың "жандарын қайта әсемдікке бөлейтін" жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп көпағынды душтарға қатысты суды тұтыну мөлшерін шектейтін ережелерді жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шешімді Ақ үй "америкалық жандарды қайта әсемдікке бөлеу" қадамы ретінде бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
1992 жылғы заң бойынша, душтан ағатын су көлемі минутына 2,5 галлоннан (шамамен 9,5 литр) аспауы тиіс. Барак Обама президент болған кезінде бұл норманы көпағынды душтарға да бірдей қолдану керек деген өзгеріс енгізген болатын. Ал Трамп әр саптамадан 2,5 галлон су ағуына рұқсат беруді ұсынды.
Ол душтың әлсіз ағынына шағымданып, "шашымды сулау үшін 15 минут тұруым керек" деп 2020 жылы да айтқан. Трамп бұл ережелерді "бюрократиялық әурешілік" деп атады.
Байден билікке келген соң бұл өзгерістердің күшін жойған. Енді Трамп оларды қайта енгізуді көздеп отыр.
Табиғатты қорғаушылар мен тұтынушылар бұл өзгерістер суды үнемдеуге және электр энергиясы шығындарын азайтуға көмектесетінін айтып, наразылық білдіруде. Ал Трамп пен оның командасы "америкалықтар өз ақшасына суды тұтынып отыр, сондықтан душ саптамасын таңдауға ерікті болуы тиіс" дейді.
Жарлық 30 күн ішінде күшіне енеді.