Бүгiн 2026, 17:49 Фото: pixabay.com

Трамп америкалық әскерді Еуропадан әкетуі мүмкін екенін ескертті

АҚШ Еуропадағы әскери қатысуын қайта қарауы мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдеріндегі америкалық әскери қатысуды қайта қарауы мүмкін екенін айтып, бірқатар еуропалық мемлекеттерден әскерді шығару ықтималдығын жоққа шығармады, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild-ке сілтеме жасап.

Германия төңірегіндегі жағдай талқыланғаннан кейін ықтимал өзгерістер Испания мен Италияға да әсер етуі мүмкін. Трамптың айтуынша, бұл елдер Иранмен байланысты жағдай аясында АҚШ-қа жеткілікті қолдау көрсетпеген.

Германияда мұндай мәлімдемелерге сақтықпен және күмәнмен қарап отыр. Онда кез келген шешім АҚШ Конгресінің ұстанымына байланысты болатыны айтылуда. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама Еуропада кемінде 76 мың америкалық әскери қызметкердің сақталуын қарастырады.

Бұған дейін Пентагон Германиядағы базалардан шамамен 5 мың әскери қызметкерді шығару жоспары бар екенін хабарлаған еді. Бұл АҚШ-тың өңірдегі әскери күштерін орналастыру стратегиясында өзгерістер болуы мүмкін екенін көрсеткен алғашқы белгі болды.