Бүгiн 2026, 03:31 Фото: AP Photo / Office of the Iranian Supreme Leader

Трамп Али Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде мәлімдеді

Оның мәлімдеуінше, Хаменеиімен бірге Иран басшылығының өзге де өкілдерінің көзі жойылған болуы мүмкін.

Дональд Трамп Иранның жоғарғы рухани жетекшісі Али Хаменеи қаза тапқанын мәлімдеді. АҚШ президенті бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамптың айтуынша, Хаменеи өлімі – «әділет актісі» және бұл тек Иран халқы үшін ғана емес, сондай-ақ иран билігінің әрекеттерінен зардап шеккен өзге елдер азаматтары үшін де маңызды оқиға болып табылады.

АҚШ басшысы операция «жоғары технологиялы бақылау жүйелерінің» көмегімен және Израиль-пен үйлесімді іс-қимыл нәтижесінде жүзеге асқанын айтты. Оның мәлімдеуінше, Хаменеиімен бірге Иран басшылығының өзге де өкілдерінің көзі жойылған болуы мүмкін.