Кеше 2026, 02:32 Фото: pexels.com

Трамп әлемдік импорттық тарифтерді 15 пайызға дейін көтерді

Дональд Трамп жаһандық импорттық баж салығын 10%-дан 15%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім дереу күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дональд Трамп жаһандық импорттық баж салығын 10%-дан 15%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім дереу күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәлімдеме Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған. Трамп жаңа тариф деңгейі оның сауда саясатына қатысты АҚШ Жоғарғы соты шығарған шешімді «жан-жақты және толық» қарастырғаннан кейін белгіленгенін айтты.

Сондай-ақ алдағы бірнеше ай ішінде әкімшілік «Америкаға ұлылықты қайтарамыз» бағдарламасы аясында заң жүзінде рұқсат етілген жаңа тариф мөлшерлемелерін айқындап, бекітетінін жеткізді.