20 Қыркүйек 2025 2025, 03:40 Фото: Joshua Roberts/Reuters

Трамп 25 қыркүйекте Ердоғанды Ақ үйде қабылдайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанды 25 қыркүйекте Ақ үйде қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанды 25 қыркүйекте Ақ үйде қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен 25 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Ақ үйде қарсы алатыныма қуаныштымын. Біз көптеген сауда және әскери келісімдер бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Трамп.

Оның айтуынша, кездесуде Boeing ұшақтарын сатып алу, F-16 истребительдері бойынша келісім, сондай-ақ F-35 жобасына қатысты келіссөздер талқыланады.

Трамп сонымен қатар Ердоғанмен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.