Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп қауіпсіздік мақсатында 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CBS News телеарнасының хабарлауынша, келесі елдерге тыйым салынған: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен. Атқарушы өкімге сәйкес, тағы жеті елдің – Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түркіменстан және Венесуэла өкілдеріне ішінара шектеулер енгізілуде.

Президент Трамп америкалықтарды елімізге келіп, бізге зиянын тигізгісі келетін қауіпті шетелдіктерден қорғау туралы уәдесін орындайды, – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Эбигейл Джексон.

Оның айтуынша, шектеу қойылған елдерде адамдар дұрыс тексерілмейді. Оған қоса, мерзімі өтіп кеткен визалар да көп. Жарлық ерекше жағдайларды қарастырады: мысалы, тыйым қос азаматтығы бар адамдарға, шетелдік дипломаттарға, спортшыларға және басқа санаттарға қолданылмайды.

Бұған дейін Илон Маск Трамптың салық заңын "жиіркенішті" деп атаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы