Toyota Айда жүретін автокөлік жасауда
Алматы, BAQ.KZ. Toyota компаниясы кабина ішінде қысымы бар робер (роботты көлік) жасап шығармақ. Ішіне екі ғарышкер сиятын бұл автокөлік өздігінен басқарылады, деп хабарлады Жапония әуеғарышын зерттеу агенттігі.
Жапондықтар Ай ғалам шарына жасалатын экспедицияны 2029 жылға жоспарлап отыр.
Ровер он мың шақырымға дейін жүріп өте алады. Toyota мұндай нәтижеге күн энергиясы және жанармай жәшігінің жаңа технологиялары арқасында қол жеткізбек. Автокөліктің көлемі екі микроавтобустай болады және оған алты дөңгелек салынады. Салонның көлемі 13 шаршы метр болады және оның іші адам тұратындай етіп жасалмақ. Яғни ғарышкерлер оның ішінде скафандерсіз демалады.
Мамандардың жоспары бойынша ровер Айға 2029 жылы жеткізіледі. Оны адамдар бармас бұрын жібереді. Құрылғы ғарышкерлер түсетін жерге дейін өздігінен жүріп баруы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Наурыз мейрамы. 40 мейрамхана өздерінің үздік тағамдарын ұсынады
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы