Тойдан қайтқан автобус жол апатына түсіп, 10 адам қаза болды

Аустралияның оңтүстік-шығысында автобус апатқа ұшырады. Салдарынан 10 адам ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«МИР 24» телеарнасы мәліметінше, жол апаты салдарынан 25 адам зардап шеккен.

Жалпы автобус салонында 50 адам болған екен. Олар үйлену тойынан қайтып келе жатқан. 

Автобус оқыс бұрылыстан өте бергенде жол шетіне шығып кеткен. 

Зардап шеккендерді эвакуациялау үшін Сиднейден алты тікұшақ көмекке келді. 

Белгілі болғандай жеңіл жарақат алған автобус жүргізушісі тұтқындалды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы