Тойдан кейін жеті адам коронавирустан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Американың Мэн штатында болған той COVID-19-дың аймақта қайта тарауына алып келді. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, 65 адам қатысқан той тамыз айында Миллинокет қаласындағы Big Moose Inn қонақ үйінде болған. Сол тойдан кейін коронавирустың 175 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, жеті адам ауруының асқынуынан көз жұмған.

Үйлену тойынан кейін коронавирус штаттың айналасындағы елді мекеннің бәріне тараған. Наурыз айынан бері Мэр штатында бес мыңдай адам қауіпті індет жұқтырған, - дейді Коронавирусты бақылау және оның алдын алу орталығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы