Той, түнгі клуб, демалыс орындары. Карантин режимін бұзғандар анықталды – Тұрғымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтып берді.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында карантиннің 15 мыңнан астам өрескел бұзушылығын өз бетінше тіркеді. Бұл той өткізу мен жерлеу іс-шарасын өткізудің 600 фактісі, 1 000-нан аса демалыс аймағының, оның ішінде су қоймаларының жанында жұмыс істеудің фактісі. Өткен демалыс күндерінің өзінде (26-27 қыркүйек) салтанатты іс-шараларды өткізудің 41 фактісі анықталды, - деді министр.
Ол мысал келтіріп, Қызылорда облысында «Орда» мейрамханасында 100-ге жуық адамның қатысуымен той өткізілгенін айтты. Осы облыс бойынша карантин режимі күшейген сәттен бастап (5 шілдеден бастап) 225 факт анықталды.
Сондай-ақ елордада 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке қараған түні жұмыс істеген 4 түнгі клуб анықталды, тексеру кезінде бір мекеменің өзінде 65 адам болған. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, мониторингтік топтың тексерісі кезінде 11,8 мың азаматтың маска режимін бұзуы анықталды, - деді ІІМ басшысы.
Әкімшілік іс қозғау үшін жиналған материалдар Денсаулық сақтау органдарына жіберілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрілік заттар мен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 933 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан медициналық препараттардың 98,2 мың орамы (527 атау), жарты миллионға жуық медициналық маска, 41,8 мың дана қолғап пен өзге де медициналық бұйымдар (термометрлер, көзді қорғау құралдары, құю жүйелері) алынды. Осы әрекеттері үшін полицияға 605 адам жеткізілді, оның ішінде 349-ы медицина саласының қызметкері, - деді Тұрғымбаев.
Министр өз баяндамасында Ішкі істер органдары елдегі карантин режимін күшейтуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға дайын екенін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы