Тойға барғандар да жауапкершілікке тартылады – Әділет министрі

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. ҚР әділет министрі Марат Бекетаев бүгін "Хабар24" телеарнасы арқылы өткен онлайн брифинг кезінде журналистерден келген сұрақтарға жауап берді. 

Мысалы, блок-бекеттерде халықты өткізіп жіберген полиция қызметкерлері болса, ол шешімді қандай фактіге және қандай жағдайға сүйене отырып қабылдағанына мән беру керек. Мұнда полиция қызметкері адамдардың барлық құжаттарын толықтай тексеріп, заңды түрде өткізген болуы да мүмкін. Егер құқық қорғау қызметкерлері тарапынан заңбұзушылық анықталар болса, онда олар тиісті жауапкершілікке тартылатын болады, - деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ, карантин режимі кезінде түрлі шаралар, той ұйымдастырушылар мен қатысушыларын жауапкершілікке тарту туралы да сұраққа жауап берді.
Карантин режимін бұзғаны үшін тойдың ұйымдастырушысы да, оған қатысушы да бірдей жауапкершілікке тартылады. Яғни, 26 мың теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Әрине, сот түрлі жағдайды назарға алып, заңбұзушыларға қатысты түрлі шара қолдануы мүмкін, - деді ол.

Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған азаматтар туралы ақпаратты жариялағандар да қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті.
Егер азаматтан вирус анықталып, ол байланыс құралдары арқылы немесе халық арасында жарияланатын болса, бұл – қылмыстық жазаға тартуға болатын әрекет. Тиісті шаралармен жауапкершілікке тартылады, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы