Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мереке Пішембаев 1962 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының Май аудандық автомобиль жолында аға жол шебері, бас инженер болып бастаған.

1986-1996 жылдары аралығында квазимемлекеттік секторда түрлі лауазымдарды атқарған.

1997-2000 жылдары аралығында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде басшылық лауазымдарында еңбек еткен.

2000-2002 жылдары — Солтүстік Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінде директор, басқарма басшысы.

2002-2013 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

2013-2014 жылдары — ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі.

2014-2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.

2019-2020 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы