Төтенше жағдайлар министрі Ертіс орманында өрт сөндірушілер жұмысымен танысты
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орман өртін сөндіру бойынша практикалық жұмысты бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, іс-шараны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өткізді. Оның мақсаты – орман өрттерін жою кезінде әртүрлі ведомстволар мен ұйымдар іс-әрекеттерінің координациясы мен байланысын пысықтау.
Мұндай жұмыстар орман өрттеріне қарсы тиімді әрекет етудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл іс-әрекеттерді үйлестіруге, арнайы жабдықты қолдануға және өртті сөндіру тактикасын жақсартуға көмектеседі. «Ертіс орманы» сияқты табиғи резерваттар ерекше құнды табиғи объектілер болып табылады. Оларды өрттен қорғау – басты міндет», - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды
Өзгелердің жаңалығы