Төтенше жағдайлар қызметінің бірнеше қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. 

Төтенше жағдай кезінде 49 құтқарушы зардап шекті. Оларға медициналық қызмет көрсетіліп, үйіне жіберілді. Бірнеше адам ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер адам өміріне төніп тұрған қауіп жоқ деп жатыр, - деді ол. 

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. 

Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Тараз қаласының мектептеріне 1200-ге жуық адам - Байзақ ауданы Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдарының және Үшбұлақ стансасының тұрғындары көшірілді. 

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы