Төтенше жағдайлар департаменті Семейдегі ірі өрттің видеосын жариялады
Семей қаласында ірі сауда орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
5-нен 6-шы ақпанға қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко 65 көшесінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Түнгі сағат 2:29-да өрт орнына барған өрт сөндірушілер эскалатор ауданындағы бірінші қабатта бутиктер жанып, 2 қабаттағы үй-жайларға таратылғанын анықтады.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталып жатыр.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құс еті өндірісі: Саладағы жетістіктер мен проблемалар
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы