Төтенше жағдайда байланыс операторлары SMS жіберуге міндеттеледі
Бұл туралы Мәжілісте қаралған заң жобасынде көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты.
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы технологиялардың әсерінен хабарламалардың уақытында жетпеу тәжірибесін қайталамау қажет.
Сондай-ақ олардың өтініші бойынша жедел штабтың қарамағына ұялы байланыс станцияларын беру міндеті де енгізілді. Мысалы, орман өрті аймақтарын коммуникациямен қамтамасыз ету. Жалпы алғанда мұндай қажеттілік әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болған кезде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде туындауы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гипербелсенді балалар тағдыры талқыға түсті
Өзгелердің жаңалығы