Төтенше жағдай: әрбір елордалықтың назарына!!!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы жедел штабтың шешімін жариялады.
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 хаттамасына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантин мен төтенше жағдайды қолдану кезеңінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдайды жою басшысы шешті:
1. Азық-түлік тауарларын сататын азық-түлік сауда желілерінің, супермаркеттердің, шағын маркеттердің, тұрғын үйлердің жанындағы дүкендердің, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлар жанындағы азық-түлік бөлімдерінің меншік иелері:
1) санитариялық және дезинфекциялық шараларды міндетті сақтай отырып, штаттық режимде объектілердің үздіксіз жұмысын;
2) қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделер, перчаткалар және т.с.с), санитайзерлерді орнатуды;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағалардың өсуіне жол бермеуді;
4) бір қолға 5 килограмға дейін сусымалы тауарларды (қант, күріш, қарақұмық), күнбағыс майын 5 литрге дейін сатылуын шектеуді;
5) нан-бөлішке, кондитерлік өнімдерді, кептірілген жемістерді (жаңғақтар, өріктер, жүзім және т.б.) қапталған түрінде өткізуді қамтамасыз етсін.
2. Мыналардың:
1) ірі сауда объектілерінің, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, отбасылық демалыс орталықтарының, әмбебап және азық-түліктік емес базарлардың, оның ішінде жұмысы штаттық режимде жалғастырылуы тиіс азық-түлік бөлімдерін, дәріханаларды және банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерін қоспағанда, осы объектілердің ішінде орналасқан автожуу, техникалық қызмет көрсету станцияларының;
2) онлайн тапсырыстарды және жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кофе ішетін орындар, дәмхана, тойхана, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер, лаунж барлар, тез тамақтану пункттері, отельдердің лобби барлары, "Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы іске асыратын "1000 орындық көшелік сауда" жобасының қатысушылары) (азық-түліктен басқа);
3) түнгі клубтар, барлар, қорқор тартатын бөлмелердің;
4) білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалар демалыс орындары, жеке меншік балабақшалар және басқалардың;
5) ойын-сауық объектілерінің (компьютерлік, караоке, букмекерлік және бильярдтық, PS-клубтар, квесталар, анти дәмхана, интернет клубтар, боулинг орталықтар және басқалар);
6) спорт объектілерінің (фитнес, йога және массаж орталықтары, СПА салондар, аквапарктер, қоғамдық моншалар, бассейндер, солярийлер, тирлар, атыс алаңы және басқалар);
7) қызмет көрсету саласы объектілерінің (косметология, сұлулық салоны және т.б.);
8) онлайн тапсырыстар мен жеткізулерді көрсету мүмкіндігі бар азық-түліктік емес сауда объектілерінің;
9) кинотеатрлар, кинорумдар мен театрлардың;
10) онлайн тапсырыстарды және жеткізуді көрсету мүмкіндігі бар автосалондар, автобазарлар, автобөлшектерді және басқаларды сату салондарының қызметі тоқтатылсын;
3. Мыналар:
1) жаппай, салтанатты, ұмытылмас және еске алу іс-шаралары;
2) көрмелер, форумдар, конференциялар және өзгелер тоқтатылсын.
4. Мыналарға:
1) онлайн тапсырыстар мен жеткізу мүмкіндігі бар бизнес-орталықтары жанындағы қоғамдық тамақтану пункттерінің қызметін тоқтата отырып, бизнес-орталықтардың;
2) техникалық қызмет көрсету станцияларының (бөлек тұрған ғимараттардағы вулканизациялау, автожуулар) жұмыс кестесі сағат 10.00 бастап 17.00 дейін белгіленсін.
5. Қызметі карантин кезеңінде тоқтатылмаған шағын және орта бизнес объектілерінің меншік иелері санитариялық және дезинфекциялық шаралардың күшейтілуін қамтамасыз етсін.
6. Санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, штаттық режимде қонақ үй кешендерінің, отельдердің, хостельдердің, апартаменттердің, дәріханалардын, медициналық орталықтардын, стоматологиялардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
7. Онлайн тапсырыстарды қабылдау және оларды жеткізуді ұйымдастыруға рұқсат бере отырып, осы шешімнің 6-тармағында көрсетілген объектілердің ішінде орналасқан қоғамдық тамақтану пункттерінің (мейрамханалар, дәмхана, барлар, асханалар) жұмысы тоқтатылсын.
8. Сауда тауарларын өндірушілер, дистрибьюторлар, көтерме жеткізушілер берілген өтінімдер негізінде сауда объектілеріне азық-түліктерді және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың үздіксіз және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етсін.
9. Жұмыс берушілер мен жалға берушілерге:
- жұмыс орындарының сақталуын және ақы төленетін демалыстың берілуін қамтамасыз ете отырып, қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру;
- карантиннің қолданылу кезеңінде жалдау ақысынан босату ұсынылсын.
10. 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 бастап кез келген қатынас жолдарындағы транзиттік тасымалдаулар Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тоқтаусыз жүзеге асырылсын, мыналарды:
1) қаладан ерте шыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын, олардың қалаға 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін оралған кезде;
2) қалаға ерте келген басқа өңірлердің тұрғындарды, олардың қаладан 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін шыққан кезде;
3) олардың елден шығуы үшін Қазақстан Республикасының аумағына ерте келген, сондай-ақ елден одан әрі шығу мақсатында әуе көлігімен кіретін шетелдіктерді;
4) шетелдіктерді (азаматтығы жоқ адамдарды), Қазақстан Республикасының аумағына тұрғылықты жері түрлерінің иелерін;
5) шетелдік мемлекеттің аумағына ерте шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын, олардың Қазақстан Республикасына оралуы кезінде;
6) денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттарын көрсеткен кезде емделуге шетелге шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын;
7) елдің және шетелдік мемлекеттің дипломатиялық қызметінің персоналын және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға жіберілетін шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегаттар мүшелерін;
8) поезд және локомотив бригадаларының мүшелерін, сондай-ақ теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын адамдарды, әуе, теңіз кемелерінің экипаждарын, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерін;
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктерді (туыстық байланыстар фактісін растаған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және балалары);
10) қала маңындағы аймақтарда тұратын және Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, бірақ Ақмола облысында жұмыс істейтін тұрғындарды (Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб) бастығының шешімі бойынша және жедел штаб бастығының жеке жауапкершілігімен);
11) жүк тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды;
12) Штабта жеке тәртіппен қарастырылатын өзге де ерекше жағдайларды қоспағанда, барлық адамдар үшін астананың аумағына кіру/шығуға шектеу енгізілсін.
11. Штаб бастығы:
1) құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау және өзге де өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының қажеттілігіне есептерді және аумақта және карантиндік аймақ периметрі бойынша бақылау-өткізу пункттерінің учаскелерінде шектеу шараларын анықтасын;
2) карантиндік аймаққа жатқызылатын халық санын оқшаулау жөнінде шаралар қабылдасын;
3) Нұр-Сұлтан қаласындағы көшелерге дезинфекциялау жүргізуді қамтамасыз етсін;
4) карантиндік аймақ халқының және азық-түлік, дәрі-дәрмектер, тіршілікпен қамтамасыз ету заттары және бірінші қажеттіліктегі тауарларға секторлардың әрқайсысының тәулік бойы қажеттіліктерін анықтасын;
5) коронавирустық инфекциядан өліммен аяқталған жағдайда адамдарды көмудің қауіпсіз режимін қамтамасыз етсін;
6) үш санат бойынша: жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантинге арналған арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етсін;
7) осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
12. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті:
1) қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмысқа қарсы іс-қимыл және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтсін;
2) пайдакүнемдік және зорлық сипаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында есепке алынған контингентпен жедел-профилактикалық жұмыс жүргізсін.
13. "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпарат құралдарында астананың тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулауды және оның таралу қауіптерін мейлінше азайтуды қамтамасыз етуге арналған шектеу мен әлеуметтік оқшаулау, адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданған шешімдердің маңыздылығын жариялау бойынша қабылданатын шешімдерді идеологиялық қолдауды жүргізсін.
14. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
15. Осы шешім оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.