Төтенше жағдай: Табиғи апаттан үйлер қирап, 33 адам қаза тапты
АҚШ-тың орталық және оңтүстігіндегі жойқын торнадо кем дегенде 33 адамның өмірін қиды. Бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ CBS News арнасына сілтеме жасап.
Қазір Американың орталық және оңтүстік аймақтарында соққан қатты құйынның (торнадо) салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең көп зардап шеккен Миссури штаты болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, онда дүлей дауыл 12 адамның өмірін қиған.
Сондай-ақ табиғат апатынан Оклахома, Теннесси, Арканзас, Техас және Джорджия штаттары да орасан зор зардап шекті. Ғимараттар қирап, жолдағы көліктер аунап, электр желілері үзілген.
Арканзас пен Джорджияда қайталап соғуы ықтимал дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Оклахоманың кейбір аудандарында эвакуация жүргізілді. Бұл штатта 130-дан астам өрт болып, 300-ге жуық үй тілсіз жаудан зиян шеккен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дональд Трамп Йеменге соққы, Иранға ескерту жасады
Келесі жаңалық
Назым үш дүркін, Алуа тұңғыш рет әлем чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы