Төтенше жағдай: Барлық спорттық шараны өткізуге тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Төтенше жағдай кезінде спорттық-бұқаралық, оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар және шығармашылық ұйымдардың жұмыстары тоқтатылады.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Билеттерді қайтару және ауыстыру рәсімдері олардың өткізілген орны бойынша елдегі төтенше жағдай аяқталған соң жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта туризм салаларындағы және қызмет көрсету объектілерінде, оның ішінде жекелеген аймақтардағы белсенді демалыс объектілерін қоспағанда, орналастыру орындары, туристік базалар, санаторлы-курорттық объектілер, демалыс аймақтары өз жұмыстарын штаттық режимде жүргізуде.
Сонымен қатар, ақысы төленіп қойған демалыстар (жолдамалар, турлар) құнын қайтару немесе қолайлы мерзімге ауыстыру мүмкіндігі елдегі төтенше жағдай аяқталған соң қолданыстаға заңнама аясында жүргізілетін болады.
Бүгінгі күні шет ел курорттарында 7636 қазақстандық турист демалу үстінде. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, шет елдерден туристтерді қайтару алгоритмі қарастырылуда.
Туристерді Қазақстанға қайтару мәселесіне қатысты туындағын барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады +7 701 534 05 80 (ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» КҚ).