Төтенше климаттық өзгерістер шұғыл әрекет етуді талап етеді – БҰҰ

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметі бойынша, соңғы сегіз жыл – тарихтағы ең жылы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райы, су және климаттық апаттар, соның ішінде төтенше су тасқыны, ыстық толқындар және құрғақшылық миллиондаған адамдарға әсер етті және 2022 жылы миллиардтаған доллар шығынға ұшырады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) мәліметтері бойынша, мұның бәрі адамның зиянды әрекеттерінен туындаған климаттық өзгерістердің әсерінің күшейіп отыр.

2022 жылғы оқиғалар парниктік газдар шығарындыларын азайту және осы процестің мониторингін айтарлықтай жақсарту үшін көп жұмыс істеу қажеттігін көрсетеді. Бұған қоса, ДМҰ климаттың өзгеруіне бейімделуге қосымша қаражат бөлуді ұсынады, – деп келтіреді Anadolu агенттігі ДМҰ сарапшыларының жаңа баяндамасында.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметі бойынша, соңғы сегіз жыл рекордтық ең жылы болды. Ла Нинья оқиғасының салқындатқыш әсері үшінші жыл қатарынан жалғасуда. Ол 2023 жылдың рекордтық ең жылы жыл болмайтынын білдіреді. Дегенмен  бұл құбылыстың әсері қысқамерзімді болады және атмосферадағы парниктік газдардың рекордтық деңгейіне байланысты ұзақмерзімді жылыну үрдісін өзгертпейді.

Осы жылы біз көптеген адамдардың өмірін қиған және азық-түлік, энергетика және су қауіпсіздігі мен инфрақұрылымға нұқсан келтірген бірқатар күрт ауа райы оқиғаларын бастан өткердік, – деді ДМҰ Бас хатшысы профессор Петтери Таалас.

Профессор Пәкістан аумағының үштен бірін су басқанын, соның салдарынан үлкен экономикалық шығындар мен адам шығыны болғанын еске салды.

Қытайда, Еуропаның бірқатар елінде, Солтүстік және Оңтүстік Америкада рекордтық аптап ыстық байқалды. Африкадағы ұзаққа созылған құрғақшылық бұл аймаққа гуманитарлық апат қаупін төндіреді, – деді Таалас.

Профессор халықаралық қауымдастық ауа райының қолайсыз құбылыстарына дайындығын арттырып, алдағы бес жылда БҰҰ-ның «Баршаға ерте ескерту» мақсатына жетуін қамтамасыз етуі керек екеніне сенімді.

Ол жаһандық мониторинг пен ерте хабарлау жүйелеріне инвестицияны ұлғайту, сондай-ақ экстремалды ауа райы мен климаттық құбылыстарға төзімділікті арттыру басымдықтардың қатарында болуы керектігін түсіндірді. Өйткені 2022 жыл жаһандық температура рекордын жаңартпаса да, әлемнің көптеген бөліктерінде ұлттық жылу рекордтарын орнатып үлгерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы