25 Тамыз 2026, 15:26 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Төртінші мұнай өңдеу зауыты қай өңірде салынуы мүмкін?

Энергетика министрі Ерлан Аккенженов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытының қай өңірде салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады.

Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Бұл жұмыспен «Самұрық-Қазына» холдингі айналысуда. Нақты шешім биылғы жылдың соңында қабылданады. Қазіргі уақытта зауытты Маңғыстау, Ұлытау, Атырау немесе еліміздің оңтүстігіндегі Түркістан облысында салу нұсқалары қарастырылып жатыр. Талдау жүргізілгеннен кейін тиісті өңір таңдалады. Электр энергиясы мен суға қажеттілік және басқа да мәселелер зерделеніп жатыр, – дейді Ерлан Аккенженов.

Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Ақкенженов АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтқан қазақстандықтардың шағымына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, отын сапасына қатысты талаптардың бұзылған-бұзылмағанын тексеру үшін ол өзінің орынбасарын Павлодар мұнай-химия зауытына жіберген.

Тағы оқи отырыңыз: КТК-ға жасалған шабуыл: Қазақстан 3,5 млн тонна мұнайдан қағылды