Төрт жүзден астам тұрғын кенеден зардап шекті – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында 446 адам кенеден зардап шекті. Оның ішінде 14 жасқа толмаған 144 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, зардап шеккендердің көпшілігі кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алған.
Зардап шеккендердің ішінде 423 адам иммуноглобулин алған. 23 адам әртүрлі себептермен вакцинация алмаған. Ал кене инфекциясымен сырқаттанған адам жоқ, – деп мәлімдеді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы эндемикалық аумақтар: Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары. Сондай-ақ Алтай мен Самардағы кейбір аумақтар да кене энцефалитінің табиғи ошақтары болып саналады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Досымжан Таңатаров – Жастар театрының директоры
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы