Төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 14 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Италия, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.
3 599 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 326 адам, анықтамасыз 273 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 030 жолаушы, анықтамамен - 1 892, анықтамасыз - 138;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 260 жолаушы, анықтамамен - 1 160; анықтамасыз - 100;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 26 жолаушы, анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 136 жолаушы, анықтамамен - 101; анықтамасыз - 35.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 11 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 631 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Москва – Нұр-Сұлтанрейсімен, тағы бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.